"КазТрансОйл" АҚ 2020 жылдың бірінші тоқсанына қаржы нәтижесі туралы хабарлады

20.07.20 12:23
/KASE, 20.07.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "КазТрансОйл"АҚ (Нұр-Сұлтан) 2020 жылдың 20 шілдесіндегі баспасөз хабарламасын Биржаға ұсынды: ... «ҚазТрансОйл» АҚ 2020 жылдың І жартыжылдығы бойынша өндірістік қорытындысын жариялады. Есепті кезеңде «ҚазТрансОйл» АҚ шоғырландырылған мұнайдың жүк айналымы 22 млрд 163 млн тонна- километрді құрады, бұл 2019 жылдың І жартыжылдығымен салыстырғанда 735 млн тонна-километрге кем. «ҚазТрансОйл» АҚ жеке магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша 21 млн 510 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2019 жылдың I жартыжылдығымен салыстырғанда 689 мың тоннаға кем. «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша жеке мұнай жүк айналымы 18 млрд 417 млн тонна-километрді құрады, бұл 2019 жылдың ұқсас көрсеткішінен 454 млн тонна-километрге аз. «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі өткен жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда 803 мың тоннаға немесе 10% - ке азайды және 7 млн 378 мың тонна мұнайды құрады. Атырау мұнай өңдеу зауытына 2 млн 616 мың тонна, «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС - 2 млн 324 мың тонна, Павлодар мұнай химия зауытына - 2 млн 48 мың тонна, «Ақтау пластикалық массалар зауыты» ЖШС базасындағы битум зауытына-389 мың тонна жеткізілді. ... [2020-07-20]