АНОНС: 15 ШІЛДЕДЕ KASE "ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ" АҚ БАСШЫЛЫҒЫМЕН "ЭМИТЕНТ КҮНІ АЯСЫНДА" ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

14.07.20 12:36
/KASE, 14.07.20. 09.07.20 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2020 жылдың 15 шілдесінде KASE "Қазақтелеком" АҚ басшылығымен 2020 жылдың бірінші тоқсанына компания қызметінің қорытындысына арналған, инвесторлармен, бағалы қағаздардың нарығы кәсіби қатысушылармен және БАҚ өкілдерімен "Эмитент күнін" өткізеді. Іс-шара басталуы – алматы уақытымен сағат 15:00. Кедесуде "Қазақтелеком" АҚ Басқармасы мүшелері, бас қаржы директоры Өзбеков Асхат Архатович іс-шараға қатысушыларды компанияның 2020 жылдың есептік кезеңіндегі компанияның жұмыс қорытындысымен таныстырады, сондай-ақ операциялық және қаржылық көрсеткіштерін көрсетеді, жүзеге асыруды жоспарлап отырған, перспективалық жобалары туралы ақпарат береді. Сұрақтарыңыз болса алдын ала customers@kase.kz электронды почтаға жіберіңіздер. Аталмыш шараға қатысу үшін customers@kase.kz мекен-жайына қатысушы туралы (аты-жөні, тегі, лауазымы, электронды почта мекен-жайы) мәліметті жіберу қажет. [2020-07-14]