30 маусымнан бастап "Қазақстан Даму Банкі" АҚ облигациялары KASE ресми тізімінің балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 30.06.20/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2020 жылдың 29 маусымындағы шешімімен "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Нұр-Сұлтан) KZ2C00006864 (BRKZb19; 1 000 теңге, 130,0 млрд теңге; 5 жыл, жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізу қорытындысы бойынша; 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді.
Листингілік комиссияның осы шешімі 2020 жылдың 30 маусымынан бастап өз күшіне енді.
Аталмыш облигациялардың Биржадағы сауда-саттықтарының ашылуы туралы қосымша хабарланады.
Жоғарыда аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жуырдағы уақытта толығырақ
[2020-06-30]