Директорлар кеңесі KASE Басқармасының құрамын үш жылға белгіледі

29.06.20 18:21
/KASE, 29.06.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) Директорлар кеңесінің KASE Басқармасының құрамын үш жылға анықтағаны туралы хабарлады. Биржаның Директорлар кеңесінің 2020 жылдың 29 маусымындағы шешімімен KASE Басқармасының келесі мүшелерінің өкілеттік мерзімі 2023 жылдың 01 шілдесіне дейін ұзартылды: - Алдамберген А.Ө., Басқарма Төрағасы; - Сабитов И.М., Басқарма Төрағасының орынбасары; - Хорошевская Н.Ю., Басқарма Төрағасының орынбасары; - Цалюк А.Ю., Басқарма Төрағасының орынбасары. Директорлар кеңесінің осы шешімімен Басқарма мүшесі, бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор Қ.Ж. Тұрмағамбетовтың өкілеттік мерзімі өтуіне байланысты, KASE Басқармасының құрамына Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымына басқарушы директор – KASE Сауда- саттық департаментінің директоры Е.Б.Мажекенов үш жыл мерзімге сайланды. Аталмыш шешімдерді ескере отырып, KASE Басқармасының құрамы үш жыл өкілеттік мерзімімен бес адамнан анықталды: - Алдамберген А.Ө., Басқарма Төрағасы; - Мажекенов Е.Б., Басқарма Төрағасының орынбасары; - Сабитов И.М., Басқарма Төрағасының орынбасары; - Хорошевская Н.Ю., Басқарма Төрағасының орынбасары; - Цалюк А.Ю., Басқарма Төрағасының орынбасары. [2020-06-29]