27 шілдеде "Батыс транзит" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

25.06.20 11:48
/KASE, 25.06.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Батыс транзит" АҚ (Алматы) 2020 жылдың 27 шілдесінде сағат 12:00-де акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтетіні туралы Биржаға хабарлады. Күн тәртібіндегі жалғыз мәселе 2020 жылға компанияның қаржылық есептілігіне аудит жүргізуші аудиторлық ұйымдарды анықтау туралы мәселе. Аталмыш жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/BTTR/bttr_special_shareholders_meeting_info_270720_453.pdf [2020-06-25]