25 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында "АТФБанк" АҚ KZ2C00003135 (ATFBb15) облигацияларының сауда-саттықтары қайта басталады

25.06.20 11:43
/KASE, 25.06.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2020 жылдың 25 маусымынан бастап "АТФБанк" АҚ (Алматы) KZ2C00003135 облигацияларының (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, ATFBb15) сауда-саттықтары қайта басталатыны туралы хабарлайды. Аталмыш облигациялардың сауда-саттықтары 2020 жылдың 01 маусымында уақытша тоқтатылған. Аталмыш облигациялардың сауда-саттықтары Қазақстан Республикасы қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігінің аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына өзгертулер мен толықтыруларды 2020 жылдың 17 маусымында алуына байланысты жаңартылды. Аталмыш өзгертулер мен толықтырулармен облигациялар шығарылымын мерзімінен бұрын өтеу шарттары және облигацияларды орналастырудан ақшаны пайдалану туралы мәліметтер шарттары өзгертілді. Аталмыш облигациялар шығарылымына өзгертулер мен толықтырулар KASE интернет-сайтында – http://www.kase.kz/files/emitters/ATFB/atfbf9_ATFBb15_izm_170620.pdf жарияланды. Бұдан бұрын осы тақырып бойынша KASE жаңалықтары жарияланды: - 2020 жылдың 03 маусымындағы "АТФБанк" АҚ KZ2C00003135 (ATFBb15) облигациялардың шығарылым аңдатпасына өзгертулер мен толықтырулар бекітілді – https://kase.kz/ru/news/show/1433577/ - 2020 жылдың 26 мамырындағы "АТФБанк" АҚ KZ2C00003135 (ATFBb15) облигацияларымен сауда-саттық 01 маусымынан бастап тоқтатылды" – https://kase.kz/ru/news/show/1432483/ [2020-06-25]