25 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасы KASE_BM* индикаторлар сериясының өкілетті тізімінен "Хоум Кредит энд Финанс Банк" Еншілес банкі" АҚ KZ2C00003887 (HCBNb3) облигацияларын, айналыс мерзімі аяқталуына байланысты, шығарды
/KASE, 25.05.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2020 жылдың 25 мамырынан бастап негізгі сауда-саттық алаңының корпоративтік облигациялардың индикаторын (KASE_BM* ериясы) есептеуден "Хоум Кредит энд Финанс Банк" Еншілес банкі" АҚ KZ2C00003887 (HCBNb3) облигацияларын, айналыс мерзімі аяқталуына байланысты, шығарды.
2020 жылдың 25 мамырынан бастап KASE_BM* индикаторлар сериясының өкілетті тізімі 30 атаудағы облигациялардан тұрады.
KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.
KASE_BMC – жинақталған сыйақысын есепке алмағандағы бағалары ("таза" баға) бойынша есептелетін, корпоративтік облигациялардың бағалар индексі.
Аталмыш индикатор Қазақстан қор биржасында күніне бір рет корпоративтік облигациялардың сауда-саттықтарының қорытындысы бойынша есептеледі.
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында жарияланған – толығырақ
[2020-05-25]