"Самұрық-Энерго" АҚ өзінің шығыстарын қысқартқаны туралы хабарлады
/KASE, 22.05.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан), Биржаға жолдаған 2020 жылдың 22 мамырындағы хабарламасында былай деп мәлімдеді:
цитата басы
«Самұрық-Энерго» АҚ 2020 жылы өзінің шығыстарын 18,5 млрд. теңгеге қысқартады. Бұл жерде сөз ағымдағы шығыстарды да, күрделі сипаттағы шығыстарды да оңтайландыру туралы болып отыр. Қысқарту жөніндегі іc- шаралар «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтің «Самұрық-Қазына» АҚ-ның жедел штабы отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында іске асырылуда.
Ағымдағы жылғы наурызда Қордың топ-менеджменті мен портфельдік компаниялардың басшылары қалыптасқан күрделі халықаралық жағдайды ескере отырып, іске асырылған және болуы ықтимал тәуекелдерді назарға алу механизмдерін талқылағаны белгілі. Отырыс қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазынаның» құрамына кіретін компаниялардың алдына кең ауқымды міндеттер қойылып, нақты тапсырмалар берілген болатын, солардың қатарында – өздерінің өндірістік қызметіне тікелей әсер етпейтін шығыстарды қысқарту.
Операциялық шығыстармен қатар, компания күрделі сипаттағы шығыстарын да қайта қарады, бұлар бойынша оңтайландыру 15,8 млрд. теңгені, немесе жалпы инвестициялық шығыстардың 13%-ін құрайды. Мыналар оңтайландырылды:
- Инвестициялық жобалар, сомасы 9,3 млрд. теңге;
- Өндірістік активтерді жұмыс бабында ұстауға кететін шығыстар – 2,3 млрд. теңге, әкімшілік активтерді ұстауға кететін шығыстар – 36 млн. теңге;
- Өзге де күрделі шығыстар 4,2 млрд. теңге мөлшерінде.
Бүгінгі күні Корпоративтік орталықтың 30% қызметкерлері қашықтан жұмыс істеуге көшірілген.
Тұтас алғанда, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның электр энергетикасы және көмір өндіру салаларындағы жұмысы қазіргі кезде штаттық режимде іске асырылуда.
цитата соңы
[2020-04-14]