Қазақстан Республикасының қаржы нарығын ретету және дамыту жөніндегі агенттігі "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ KZ2C00002418 (LARIb3) облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді
/KASE, 19.05.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ өзінің KZ2C00002418 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, LARIb3; 1 тенге, 10,0 млрд тенге; 30.09.13 – 30.09.20, жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттық қорытындысы бойынша анықталады; 30/360) облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулердің көшірмесін және, осының алдында берілгеннің орнына берілген, 2020 жылдың 15 мамырындағы облигациялық бағдарламасы аясындағы облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуінің куәлігін Биржаға ұсынды.
Аталмыш құжаттарға сәйкес:
- Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігі аталмыш облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулерді тіркеді;
- аталмыш куәлік, аталған облигациялардың айналыс мерзімі аяқталуына байланысты ауыстырылды;
- облигациялардың саны 100 000 000 данадан 46 829 031 данаға өзгертілді;
- айналым мерзімі 7 жылдан 8 жыл 6 айға өзгертілді;
- сыйақы мөлшерлемесі көлемі облигациялардың айналым мерзімінің басынан облигациялардың номиналдық құнынан жеті жылдың ішінде жылдық 8,00 % көлемінде белгіленді және облигациялардың номиналдық құнынан сегіз жыл және алты айдың ішінде жылдық 8,00 % көлемінде белгіленді.
Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулер KASE интернет-сайтында жарияланды – толығырақ
[2020-04-19]