Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Альфа-Банк" Еншілес банкі" АҚ жалғыз акционері 2019 жылға жылдық қаржылық есептілігін бекітті және банктің таза табысын бөлу тәртібі туралы шешім қабылдады
/KASE, 15.05.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Альфа-Банк" Еншілес банкі" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), жалғыз акционерінің 2020 жылдың 13 мамырындағы шешімдері туралы хабарлады:
- банктің жылдық қаржылық қорытындысы туралы есебі бекітілсін және жылдық қаржылық есеьіне аудиторлық есебі назарға алынсын;
- банктің 2019 жылға таза табысын бөлу тәртібі бекітілсін;
- банктің 2019 жылға жай акциялары бойынша дивиденді төленбесін;
- банктің 2019 жылға таза табысын өткен жылдың бөлінбеген таза табысына жіберілсін.
Аталмыш ақпаратпен – толығырақ мекен-жайында танысуға болады.
[2020-05-15]