/KASE, 14.05.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған Kaspi.kz АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына
(KASE), 2020 жылдың 14 мамырындағы келесі баспасөз хабарламасын
ұсынды:
...
1 қаңтар мен 30 сәуір аралығында тапсырыс сомасы рекордтық көрсеткіш 69
млрд теңгеге жетті, өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 2 есеге
өскен.
Kaspi.kz-тегі Магазин - Қазақстандағы электронды коммерцияның ірі
платформасы, оның көмегімен серіктестер саналуан тауарды онлайн сатады,
ал қазақстандықтар бүкіл Қазақстан аумағына жеткізу қызметімен бірге тиімді
зат сатып алады. Kaspi.kz серіктестерінің басым бөлігі – шағын және орта
бизнес санатындағы компаниялар.
Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе былайша пікір білдірді:
«Біз онлайн сатып алу бұдан да тиімді, ыңғайлы болуы үшін Kaspi.kz-тегі
Магазинді дамытудамыз. Біздің команда тұрақты түрде ассортиментті
ұлғайтып, жаңа серіктестер қосып, бүкіл ел аумағына жеткізу ауқымын
ұлғайтуда. Жыл басынан бері Қазақстанның 54 қаласының тұрғындары 69
миллиард теңгеге 900 мың тапсырыс жасады. Тапсырыс саны өткен жылмен
салыстырғанда 2 еседен жоғары немесе 116% өсті. Сәуірдің екінші
жартысында біз тапсырыстарды өз есебімізден тегін жеткіздік, бұл карантин
мен төтенше жағдай кезінде аса маңызды болды. Сондай-ақ, біз сәуірде
онлайн сатып алуды бұдан да тиімді жасап, сүйікті клиенттерімізге Kaspi Gold
пен Kaspi Red арқылы сатып алған әрбір зат үшін 10% бонус сыйладық».
...
Толық ақпарат KASE интернет-сайтында
https://kase.kz/files/emitters/KSPI/kspi_reliz_140520_1.pdf мекен-жайында
танысуға болады.
[2020-05-14]