ХАБАРЛАМА: "Қазақстан қор биржасы" АҚ акционерлері сырттай шешім қабылдау арқылы жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы

14.05.20, 14:50
/KASE, 14.04.20/ – "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Биржа) атқарушы органы орналасқан жерде мына мекен-жайда: Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers" көп салалы кешенінің Солтүстік ғимараты, 8-ші қабатта Биржаның Директорлар кеңесінің шешіміне (бастамасы бойынша) сәйкес, акционерлердің жылдық жалпы жиналысы (2020 жылдың 13 сәуіріндегі №12 хаттамасы) болып өтетіні туралы хабарлады. Биржа акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2020 жылдың 29 мамырында акционерлердің жалпы жиналысын өткізусіз сырттай дауыс беру арқылы өткізіледі (әрі қарай – жиналыс). Жиналыстың күн тәртібі: 1. Биржа акционерлерінің жылдық күн тәртібін бекіту туралы. 2. Биржаның 2019 жылдағы қызметі туралы. 3. Биржаның 2019 жылға жылдық қаржылық есеп берушілігін бекіту туралы. 4. Биржаның 2019 жылдағы таза пайдасын бөлу тәртібі туралы. 5. Биржаның 2020 жылда жылдық қаржылық есеп берушілігіне аудит жүргізу мақсатында аудиторлық ұйымды анықтау туралы. 6. Биржаның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне акционерлердің шағымдары, сондай-ақ оларды қарау нәтижелері. 7. Биржаның Директорлар кеңесінің және Басқармасы мүшелеріне сыйақы көлемі мен құрамы туралы ақпарат. 8. Директорлар кеңесінің мүшелеріне 2019 жылға сыйақы беру туралы. Жиналысқа қатысуға құқылы Биржа акционерлерінің тізімі 2020 жылдың 29 сәуірінде алматы уақытымен сағат 00.00 жағдай бойынша жасалады. Бюллетеньді ұсынуды басталу күні – 2020 жылдың 29 сәуірі. Сырттай дауыс беру нәтижесін есептеу үшін бюллетеньді ұсыну күні – 2020 жылдың 28 мамыры. Сырттай дауыс беру нәтижесін санау күні – 2020 жылдың 29 мамыры. Жиналыста дауыс беру қорытындысын санау кезінде Биржа акционерлерінен сырттай дауы беру үшін 2020 жылдың 28 мамырына дейін алматы уақытымен сағат 18.00-ге дейін берілген дауыстар ескеріледі. Жиналыс өткізу туралы хабарламаның толық нұсқасы Биржаның интернет-сайтында – http://kase.kz/files/for_shareholders/meeting_290520.pdf мекен-жайында жарияланады. [2020-04-14]