27 мамырда "ҚазТрансОйл" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтеді

24.04.20 03:04
/KASE, 24.04.20/ – Акциялары "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазТрансОйл" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2020 жылдың 27 мамырында сырттай дауыс беру арқылы акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өтетіні туралы хабарлады. - Жалпы жиналыстың күн тәртібі: 1. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2019 жылғы жылдық қаржылық есептілігін және шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы. 2. 2019 жылға «ҚазТрансОйл» АҚ-тың таза табысын, өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және «ҚазТрансОйл» АҚ-тың бір жай акциясына есептегендегі дивиденд мөлшерін бекіту туралы. 3. «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы жылдық есебін бекіту туралы. 4. «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің 2019 жылға «ҚазТрансОйл» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне арналған өтініштері мен оларды қарау қорытындылары туралы. 5. «ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы туралы ережені бекіту туралы. 6. «ҚазТрансОйл» АҚ есеп комиссиясының кейбір мүшелерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және «ҚазТрансОйл» АҚ есеп комиссиясының жаңа мүшелерін сайлау туралы. Хабарламаның толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_annual_shareholders_meeting_info_270 520_3106.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2020-04-24]