KASE Директорлар кеңесі ASTS+ сауда-саттық клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы Қағидаға енгізілетін түзетулерді бекітті
/KASE, 04.05.20/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2020 жылдың 30 сәуіріндегі шешімімен "ASTS+ сауда-саттық клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы Қағидаға" атты KASE ішкі құжатына № 1 өзгертулер мен толықтырулар (толықтырулар) бекітілді.
Түзетулер қор нарығында ASTS+ (әрі қарай – ASTS+) сауда-клирингілік жүйесінің екінші релизі өндірістік эксплуатацияға берілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі, бұл туралы қосымша хабарланады.
Аталмыш түзетулер ASTS+ сауда-саттық жүргізуді арнайы мамандандырылған әдіспен өткізуді сипаттау мақсатында енгізілді.
Тек трейдерлер ғана емес, басқа да клирингілік қатысушылардың атынан аталмыш әрекеттерді жүзеге асыруға уәкілеттенген, клирингілік қатысушылардың өтініш беруге мүмкіндігі анықталды;
Ережелердің жаңартылған мәтіні KASE интернет-сайтында жарияланады – толығырақ
[2020-05-04]