"Кселл" АҚ желіні бірлесіп пайдалану туралы үш жақты келісім жасайды

05.05.20 11:34
/KASE, 05.05.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Кселл" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), төмендегі туралы хабарлады: ... Қазақстан телекоммуникациялық нарығындағы жетекші оператор "Кселл" акционерлік қоғамы (әрі қарай "Кселл" немесе "Компания", LSE, KASE: KCEL; AIX: KCEL, KCEL.Y), хабарлайды, Директорлар кеңесі "Кселл" АҚ, "КаР-Тел" ЖШС және "Мобайл ТелекомСервис" ЖШС арасында (әрі қарай "Тараптар") желіні бірлесіп пайдалану туралы үш жақты оператор аралық Келісім жасасу туралы шешімді мақұлдады. Аталмыш Келісім 250-ден 1000 адамға дейін елді мекендерді, республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдары мен темір жолдарды кең жолақты мобильдік желінің бірлескен құрылысы мен пайдалану мүмкіндігін береді. Әрбір тарап өз бетінше кең долақты мобильдік интернет желісі орнатып, оны басқаратын болады және өзге Тараптарға осы Келісіммен қаралған шарттар негізінде желі инфрақұрылымын пайдалануға мүмкіндік береді. Инфрақұрылым желісінің құрылыс көлемі "КаР-Тел" ЖШС және "Қазақтелеком" АҚ тобына кіретін компаниялар 35 пайызын, және "Қазақтелеком" АҚ тобына кіретін компаниялар 65 пайызын пайдаланатын болады. ... [2020-05-05]