Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ жалғыз акционері 2019 жылға компанияның қаржылық есептілігін және банктің таза табысын бөлу тәртібін бекітті
/KASE, 27.04.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), жалғыз акционерінің 2020 жылдың 23 сәуіріндегі шешімдері туралы хабарлады:
- 2019 жылға банктің қаржылық есептілігі "КПМГ Аудит" ЖШС тәуелсіз аудиторының есебімен бірге бекітілсін;
- банктің 36 509 521 000 теңге көлеміндегі таза табысы банктің "Өткен жылдардағы банктің бөлінбеген таза табысы" шотында қалдырылсын;
- 2019 жылы банктің акционері мен оның лауазымды тұлғаларына қатысты жүгінулер болмағандығы туралы ақпарат назарға алынсын;
- Директорлар кеңесі мен банктің Басқармасының мүшелеріне сыйақы көлемі мен құрамы туралы ақпарат назарға алынсын.
Аталмыш ақпаратпен – толығырақ мекен-жайында танысуға болады.
[2019-04-27]