KZ
16 шілде 2025, 03:35
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
24.04.2020 11:40 #Корпоративтік уақиғалар

"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ ШЫҰ БЫҰ мүшелерінің виртуалды кездесуге қатысуға шешім қабылдады

/KASE, 24.04.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Нұр-Сұлтан, цитатада - Банк) биржаға 2020 жылдың 23 сәуіріндегі баспасөз хабарламасы туралы хабарлады:

...

ШЫҰ БАҰ мүше банктердің 12 делегациясының 70-тен астам қатысушысы «ВЭБ РФ» мемлекеттік даму корпорациясы (бұдан әрі – ВЭБ РФ) ұйымдастырған семинарға қашықтықтан форматта қатысты, ШЫҰ БАҰ-ға қатысушы елдердің спикерлері бейнебайланыс арқылы қосылды. Ағымдағы жылы Ресей Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етеді, банкаралық бірлестік деңгейінде оның жұмысын ВЭБ РФ басқарады.

ШЫҰ қатысушы елдерінің даму банктері Covid-19 пандемиясынан туындаған ағымдағы экономикалық құлдырауға қарсы тұру жөніндегі семинар жұмысына белсенді қатысты. Семинар барысында баяулау кезеңінде экономиканы қолдаудың, сондай-ақ ұлттық валюталардағы сауданы қолдаудың, ШЫҰ кеңістігіндегі жобалық қаржыландырудың, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті және қалалық экономиканы дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Семинарға ҚДБ Басқармасының төрағасы Абай Сарқұлов қатысып, алғы сөзін сөйледі.

Абай Сарқұлов ҚДБ жүргізіп жатқан жұмысы және Covid-19 пандемиясынан туындаған дағдарыс жағдайында Банк қарыз алушылары үшін дағдарысқа қарсы қабылданған шаралар туралы айтты.

..

[2020-04-24]