"Tengri Bank" АҚ Moody's Investors Service агенттігінің рейтингілік бағасын растағаны туралы хабарлады

22.04.20 12:13
/KASE, 22.04.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Tengri Bank" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2020 жылдың 21 сәуіріндегі баспасөз хабарламасын ұсынды: начало цитаты Moody's Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі 2020 жылғы 20 сәуірде "Tengri Bank" АҚ (бұдан әрі мәтін бойынша – Банк) жергілікті және шетел валютасындағы ұзақ мерзімді депозиттік рейтингін B2 деңгейінен Caa3-ке дейін төмендетті, Банктің кредит қабілеттілігінің базалық бағасы (BCA) b3-ке дейін, контрагент тәуекелінің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді бағалары (CRA) Caa2-ге дейін төмендеді. Moody's агенттігі рейтингтің төмендеуіне түсініктеме бере отырып, жағдай тұрақтанып, Банк барлық қаржылық міндеттемелерді толық көлемде және уақтылы орындауды жалғастырғаннан кейін Банк рейтингі қайта қаралуы мүмкін екенін атап өтті. Одан әрі, Банк өтімділікті айтарлықтай нығайту бойынша шаралар қабылдағаннан, акционерлер тарапынан қолдау көрсетілгеннен кейін рейтинг Саа3 белгісінен арттырылатын болады. Рейтингтің төмендеуіне қарамастан, Банк жағдайды тұрақтандыру жұмыстарын жалғастыруда. Банк әлемдік қаржы нарығындағы қалыптасқан жағдайға байланысты шектеулі режимде жұмыс істейді, бұл белгілі бір дәрежеде Банктің клиенттер алдындағы өз міндеттемелерін орындауына әсер етуде. "Tengri Bank" АҚ елдегі төтенше жағдай кезінде өз қызметін жүзеге асыруда және осы мәселелерді реттеушімен және акционерлермен, оның ішінде негізгі акционер - Punjab National Bank-пен талқылауды қоса алғанда, өтімділікке байланысты жағдайды тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. цитата соңы Толық ақпарат KASE интернет-сайтында – https://kase.kz/files/emitters/DNBN/dnbn_reliz_210420_1.pdf мекен-жайында жарияланған. [2020-04-22]