"КазТрансГаз Аймақ" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
22.04.20 11:42
/KASE, 22.04.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "КазТрансГаз Аймақ" АҚ (Нұр-Сұлтан, бұдан әрі – компания)
биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01
сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 68 328 554 дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға АО "КАЗТРАНСГАЗ" болып табылады.
[2020-04-22]