KZ
16 шілде 2025, 03:22
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
17.04.2020 12:09 #Бағалы қағаздар

ВТБ Банкі (Қазақстан) еншілес ұйымы АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

/KASE, 17.04.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, ВТБ Банкі (Қазақстан) еншілес ұйымы АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Үзінді көшірмеге сәйкес:

  • банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 2 995 700 дана;
  • банктің барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
  • банктің жалғыз акционері және, тиісінше, банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "ВТБ Банкi" КАҚ (Мәскеу) болып табылады.

[2020-04-17]