"Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы" өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

17.04.20 12:09
/KASE, 17.04.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы" (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 50 000 000 дана; - компанияның 36 951 133 жай акциялары орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "Орта-Азиялық отын-энергетика компаниясы" АҚ болып табылады, оның меншігінде 34 272 706 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 92,75%) бар. [2020-04-17]