"Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы" өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
17.04.20 12:09
/KASE, 17.04.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы" (Алматы,
бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі
жүйесінің 2020 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 50 000 000 дана;
- компанияның 36 951 133 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы
көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "Орта-Азиялық отын-энергетика
компаниясы" АҚ болып табылады, оның меншігінде 34 272 706 жай акциясы
(компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 92,75%) бар.
[2020-04-17]