/KASE, 09.04.20, 07.04.20 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы
(KASE) 2020 жылдың 10 сәуірінде KASE сауда-саттық жүйесінде "Қазақстан
тұрақтылық қоры" АҚ (Алматы) KZ2C00006484 (KASE балама алаңы,
"коммерциялық облигациялар" санаты, BASPb8) облигацияларын
орналастыру бойынша төменде берілген шарттар бойынша арнайы
мамандандырылған сауда-саттық өткізілетіні туралы хабарлайды:
----------------------------------------------------------
Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар
ISIN: KZ2C00006484
KASE сауда-саттық коды: BASPb8
Номиналдық құны, теңге: 1 000,00
Шығарылым көлемі, млн теңге:
– тіркелген: 100 000 000 000
– орналастырылған: 20 371 000 000
Айналыста болудың басталуы: 27.02.20
Айналыста болудың соңғы күні: 26.02.23
Өтеудің басталу күні 27.02.23
Айналыста болу мерзімі: 3 жыл (1080 күн)
Купон мөлшерлемесі жылдық 8,50 %
Купонды төлеу мерзімділігі жылына 1 рет
Купон төлеуді бастау күні: жыл сайын 27 ақпанда
Уақыттық базасы: 30 / 360
--------------------------------- ------------------------
Сауда-саттық күні: 10.04.20
Өтеуге дейін қалған мерзімі 2,9 жыл (1 037 күн)
Жарияланған орналастыру көлемі 15 000 000 000
Лот көлемі, дана 1
Сауда-саттық заты: таза бағасы
Сатуға өтінім түрлері: шектелімді
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–11:30
Өтінімдерді растау уақыты: 10:00–12:00
Кесім уақыты: 12:30 (Т+0)
Төлем уақыты: 10.04.20, 12:30
Өтінімдерді қкесімдеу әдісі: бағалары кесімді бағаға
тең немесе одан төмен
қарсылама өтінімдер
кесімделеді
Өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: шектелімді өтінімдердің
бағалары бойынша,
кесімдеу бағасына тең,
сатушы үшін ең ұтымды
баға бойынша қарсылама
өтінімдердің көлемдеріне
пропрционалды
Сауда-саттық бастамашысы "Банк ЦентрКредит" АҚ
еншілес ұйымы – "BCC
Invest" (Алматы)
Сауда-саттық жүйесі секторы Debts_List_ST1
Сауда-саттық жүйесі тобы Bonds_ST1_Alt
----------------------------------------------------------
Өтінімде баға ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен
көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін дәлдікпен облигацияның
"таза" бағасы көрсетілуі тиіс.
Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны
данамен белгіленуі тиіс.
Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере
алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады.
Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида мәтіні
http://www.kase.kz/files/normative_base/methods.pdf мекен-жайында
жарияланған.
Мәміленің көлемі
http://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf
жарияланған Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған
мәмілелердің сомаларын есептеу әдістеменің 3 тарауының 18 тармағына
сәйкес есептеледі.
Есеп айырысулар "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ өз
ережелерінің жинағы негізінде жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып
алушы сатып алған бағалы қағаздарға төлемді "Орталық бағалы қағаздар
депозитарийі" АҚ корреспонденттік шотында алматылық уақытпен сағат
18:20-ға дейін болуын қамтамасыз етуі тиіс.
KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі
http://www.kase.kz/kz/membership
мекен-жайы бойынша жарияланған.
Аталмыш облигациялардың толық шығарылымы туралы ақпаратпен
http://kase.kz/ru/bonds/show/BASPb8/ мекен-жайында танысуға болады.
[2020-04-09]