2020 жылдың 30 сәуірінде "Банк ЦентрКредит" АҚ KZ2C00004083 (CCBNb29) облигацияларын ұстаушылардың жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы болып өтеді

31.03.20, 22:24
/KASE, 31.03.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы, әрі қарай - банк) 2020 жылдың 18 наурызында KZ2C00004083 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, CCBNb29) облигацияларын ұстаушылардың жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы болып өтетіні туралы Биржаға хабарлады. Күн тәртібіне "Банк ЦентрКредит" АҚ үшінші облигациялық бағдарламасы аясында шығарылған облигациялардың екінші шығарылымының аңдатпасына өзгертулер енгізу" мәселесі енгізілген. Жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланған – http://kase.kz/files/emitters/CCBN/ccbn_other_doc_310320_5375.pdf [2020-03-31]