"Кселл" АҚ "Қазақстан Халық жинақ банкі" акционерлік қоғамымен қосымша келісім жасады
/KASE, 26.03.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Кселл" АҚ (Алматы), 2020 жылдың 26 наурызындағы келесі мазмұндағы ақпараттық хабарламаны ұсынды:
...
Қазақстандағы телекоммуникациялық нарықтағы жетекші оператор "Кселл" акционерлік қоғамы (әрі қарай "Kcell" немесе "Компания") (LSE, KASE: KCEL; AIX: KCEL, KCEL.Y), өзінің акционерлері мен инвесторларын 2020 жылдың 18 наурызындағы компанияның Директорлар кеңесінің келесі шешімдерді қабылдағаны туралы хабарлады:
1. "Кселл" АҚ және "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ арасында 2013 жылдың 24 қыркүйегіндегі жедел несие желісі туралы қолданыстағы Келісім-шартқа қосымша келісім жасау:
- 12 айға дейінгі қарыздар үшін сыйақы мқлшерлемесі жылдық 12,5% және 12 айдан 36 айға дейінгі қарыздар үшін жылдық 13,0%;
- несие желісі кезеңін 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылсын;
- Келісім бойынша несие желісі мерзімін 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылсын.
...
Толық ақпарат KASE интернет-сайтында:
[2020-03-26]