Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
26 наурыз күні KazPrime индикаторының мәні өзгерген жоқ, жылдық 13,50 % құрады
/KASE, 26.03.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) фиксинг нәтижесі бойынша 2020 жылдың 26 наурызында KazPrime индикаторының мәні алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда өзгерген жоқ, жылдық 13,50% құрады деп хабарлайды.
KazPrime индикаторы қазақстандық нарықта банкаралық депозиттерді actual/360 есептік базасымен үш ай мерзіміне ақшаларды орналастыру мөлшерлемесінің орташа мәнін көрсетеді.
Индикатордың актуалды мәнімен және мұрағаттық мәліметтермен KASE интернет-сайтында толығырақ мекен-жайы бойынша танысуға болады.
[2020-03-26]