KZ
4 шілде 2025, 07:11
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
18.03.2020 17:00 #Нормативтік база

KASE Директорлар кеңесі Қор нарығында орталық контрагентпен жасмалған мәмілелер бойынша ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру ережелеріне енгізілетін түзетулерді бекітті

/KASE, 18.03.20/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2020 жылдың 17 наурызындағы шешімімен "Қор нарығында орталық контрагентпен жасмалған мәмілелер бойынша ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру ережелері" (Ережелер) атты KASE ішкі құжатына № 1 өзгертулер мен толықтырулар бекітілді.

Түзетулер қор нарығында ASTS+ сауда-клирингілік жүйесінің екінші релизі өндірістік эксплуатацияға берілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі, бұл туралы қосымша хабарланады.

Аталмыш түзетулермен:

  • Тек трейдерлер ғана емес, басқа да клирингілік қатысушылардың атынан аталмыш әрекеттерді жүзеге асыруға уәкілеттенген, клирингілік қатысушылардың өтініш беруге мүмкіндігі анықталды;
  • Клирингілік қатысушылардың ақшаны қайтаруға өтініш беру уақыты Нұр- Сұлтан қаласының уақытымен сағат 17:45-тен 18:00-ге дейін ұзартылды;
  • Ережелердің 3, 4 и 5 қосымшаларына редакциялық түзетулер енгізілді.

Ережелердің жаңартылған мәтіні KASE интернет-сайтында жэарияланады – толығырақ

[2020-03-18]