Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының бірлескен хабарламасы

19.03.20 15:39
/KASE, 19.03.20/ – Өткен аптада жахандық қаржы нарығындағы құбылмалылық біршама өсті. Brent маркалы мұнай бағасы бір күнде 14% төмендеп, бір баррельге 25 долларды құрады. Жыл басына қарағанда 60% құлдырады. Әлемдік қор және валюталық нарық құлдырауы жалғасуда. Ресей рубльі бір күнде 7.3% әлсіреді, ал жыл басынан бері 30%-дан астам. Осы жағдайда Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету мақсатында ішкі валюталық нарықтың тұрақтылығына кері әсерін шектеу үшін, Ұлттық Банк "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамымен бірлесе отырып, 2020 жылдың 19 және 20 наурызында франкфурт аукционы формасында теңге-доллар валюталық жұбы бойынша сауда-саттық жүргізу туралы шешім қабылдады. Франкфурт аукционы түріндегі сауда-саттық өткізу туралы шешім клиенттердің түскен өтінімдерін қанағаттандыру ға және валюталық нарықтағы жағдайдың тұрақсыздығын болдырмауға мүмкіндік береді. Сауда-саттықтың әрі қарайғы режимі туралы ақпарат жария өтінімдер арқылы беріледі. [2020-03-19]