KZ
9 шілде 2025, 13:17
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
18.03.2020 14:03 #Корпоративтік уақиғалар

KASE штаттық режимде жұмыс істеуді жалғастыруда

/KASE, 18.03.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жарияланған, карантин жағдайында өз жұмысын штаттық режимде жалғастыруда.

Өз қызметінің үздіксіз орындалуы және қызметкерлерінің денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында COVID-19 коронавирус инфекциясы жағдайында KASE Жұмыс жоспарын әзірлеп және оны орындауға кіріскені туралы естеріңізге саламыз.

Жоспарда, сонымен қатар, Қызметкерлердің Биржа ресурстарына қашықтықтан жұмыс істеу технологиясын пайдалана отырып, ондай қосылуды әзірленген ережелерге сәйкес қамтамасыз ету қарастырылды.

[2020-03-18]