"Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ KZ1C00001262 (FFIN) "Фридом Финанс" АҚ жай акциялары бойынша биржадағы маркет-мейкері мәртебесінен бас тартты

17.03.20 10:51
/KASE, 17.03.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2020 жылдың 19 наурыздан бастап "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" (Алматы) "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) KZ1C00001262 (KASE балама алаңы, "акциялар" секторы, FFIN) жай акциялары бойынша биржадағы маркет-мейкерінің міндеттерін атқарудан босатылды. Бұл шешім "Маркет-мейкерлер қызметінің ережелері" атты KASE ішкі құжатының 3 бабына сәйкес маркет-мейкердің осы мәртебеден өз еркімен бас тартуы негізінде қабылданды. [2020-03-17]