"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ XS0583796973, US46627JAB08 (HSBKe5) және XS0867478124, XS0867573890 (BTASe16) халықаралық облигацияларын ұстаушылардың жиналысының нәтижесі туралы хабарлайды

12.03.20 09:20
/KASE, 12.03.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) төмендегі туралы хабарлады: цитата басы ОСЫ ХАБАРЛАМА АРҚЫЛЫ Эмитент 2021 жылғы Нота Ұстаушыларына 2020 жылғы 12 наурызда таңғы сағат 10:00-де (Лондон уақыты бойынша) «Линклейтерс» ЖШС мына мекенжайдағы: One Silk Street, Лондон EC2Y 8HQ, Ұлыбритания және Ирландия Біріккен Корольдігі кеңсесінде 2020 жылғы 19 ақпандағы жиналысты шақыру туралы хабарламада егжей- тегжейлі баяндалған 2021 жылғы Ноталарға қатысты кезектен тыс шешім қабылданғанын хабарлайды. Тиісінше, 2020 жылғы 19 ақпандағы жиналысты шақыру туралы Хабарламада толық сипатталған өзгерістер мен түзетулер, сондай-ақ 2021 жылғы Ноталар талаптарына қатысты келісім 2021 жылғы сенімгерлік басқару туралы Болжамды Қосымша шартқа қол қою жолымен енгізілетін болады. 2021 жылғы Ноталардың жоғарыда көрсетілген талаптарына қатысты өзгерістер мен толықтырулардың, сондай-ақ келісімдердің күшіне ену күні 2020 жылғы 13 наурыз, ал келісім бергені үшін Сыйақы төлеуге қатысты Есеп айырысу күні 2020 жылғы 16 наурыз болады. цитата соңы Толық ақпарат KASE интернет-сайтында: - орыс тілінде – http://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_120320_3.pdf на русском языке; - ағылшын тілінде – http://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_120320_eng_3.pdf мекен- жайында жарияланған. [2020-03-12]