"Банк ЦентрКредит" АҚ 2019 жылға KZ000A0H0930 (CCBNp) жай акцияға айырбасталған, артықшылықты акциялары бойынша дивиденд төлегені туралы хабарлады

12.03.20 12:51
/KASE, 12.03.20/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына банктің жай акцияларына айырбасталған, KZ000A0H0930 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, CCBNp) артықшылықты акциялары бойынша 2019 жылға бір акцияға 38,25 теңгеден дивиденд төлегені туралы хабарлады. Артықшылықты акцияларды ұстаушылар тізбесі ұсынған ақпаратқа сәйкес төлем сомасы 11 206 561,50 теңгені құрайды. Толық ақпарат KASE интернет-сайтында – https://kase.kz/files/emitters/CCBN/ccbn_other_accidents_090320_4433.pdf [2020-03-12]