"КазТрансОйл" АҚ "Транснефть" ЖАҚ-тың кондициялық емес мұнай үшін бес қазақстандық мұнай компаниясына төлемдерді аяқтағаны туралы хабарлады

28.02.20 15:15
/KASE, 28.02.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "КазТрансОйл"АҚ (Нұр-Сұлтан) 2020 жылдың 28 ақпанындағы баспасөз хабарламасын Биржаға ұсынды: ... 2020 жылғы 27 ақпанда соңғы қазақстандық компания «Транснефть» ЖАҚ тарапынан өтемақы алды. Осылайша, Усть-Луга портындағы 699 мың тоннаға жуық кондицияланбаған мұнайды тиеп жөнелту шығындарын өтеу мәселесінде қазақстандық мұнай компанияларының атынан мәлімдеме жасайтын «ҚазТрансОйл» АҚ пен «Транснефть» ЖАҚ арасындағы қол қойылған келісімдер шеңберінде барлық 38 қазақстандық жүк жөнелтушілер төлемдер алды. 2019 жылғы сәуір-мамыр айларында «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесінде тасымалданатын мұнайда хлорорганикалық қосылыстардың жоғары шоғырлануына байланысты төтенше жағдай қалыптасқанын естеріңізге саламыз, бұл Усть-Луга портындағы танкерлерге қазақстандық жүк жөнелтушілердің кондицияланбаған мұнайын тиеуге алып келді. ... [2020-02-28]