"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ XS0583796973, US46627JAB08 (HSBKe5) және XS0867478124, XS0867573890 (BTASe16) халықаралық облигацияларына қатысты келісім алғаны туралы хабарлады

19.02.20 17:23
KASE, 19.02.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ Қазақстан қор биржасына (KASE) өтелмеген ноттарға қатысты келісім алғаны туралы ұсынысы туралы хабарлайды: цитата басы Эмитент бүгін Ноталарды ұстаушылардың жиналыстарында (бұдан әрі – «Жиналыстар») (i) 2021 жылы өтелетін Ноталардың талаптарын (бұдан әрі – «2021 жылы өтелетін Ноталардың талаптары») және (ii) 2022 жылы өтелетін Ноталардың талаптарын (бұдан әрі – «2022 жылы өтелетін Ноталардың талаптары» деп және де 2021 жылы өтелетін Ноталардың талаптарымен бірге «Талаптар» деп аталады) орындау үшін талап етілетін, барлығы 2020 ж. ақпандағыц Келісім алу жөнінде ұсыныс туралы меморандумда (бұдан әрі – «Меморандум») нақты сипатталған белгілі бір келісімдерге және өзгерістерге (бұдан әрі – «Келісімдер және өзгерістер») қатысты қарау мақсатында және, егер ол орынды болса, Кезектен тыс шешімдерді (бұдан әрі – «Кезектен тыс шешімдер») қабылдау мақсатында өтелмеген Ноталардың бенефициарлық ұстаушыларынан (бұдан әрі – «Ноталарды ұстаушылар») дауыс беруге қатысатын (бұдан әрі – «Келісім алу туралы ұсыныс») сенімді тұлғалардың есімдерін алу үшін жиналыстар өткізу туралы хабарламаларды (бұдан әрі – «Жиналыстар туралы хабарламалар») ұсынды (бұдан әрі - «Ұсыныс»). Ұсынысқа сәйкес және, Эмитент мұндай талаптан бас тартқан жағдайды қоспағанда, Күшіне ену күнінен кейін барлық Кезектен тыс шешімдер қабылданған және күшіне енген жағдайда («Шамаланған кестені» төменде қараңыз), белгіленген тәртіпте Келісім алу туралы ұсынысқа сәйкес Ұсынысты қолдап дауыс беретін Ноталарды Ұстаушылар Есептесі күнінде келісім бергені үшін тиісті Сыйақы алуға құқығына ие болады («Келісім бергені үшін Сыйақы» төменде қараңыз). Ноталарды Ұстаушыларға келісімдерді және онымен байланысты барлық рәсімдерді алуға Келісім алу туралы ұсыныстың барлық талаптары тізімі ретінде осы хабарламадағы бас әріптен көрсетілген терминдердің түсіндірмесі үшін Меморандумға жүгіну ұсынылады. «Линклейтерс» ЖШС, One Silk Street көшесі, Лондон, EC2Y 8HQ, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі мекенжайы бойынша өтетін және Ұсынысты бекітуге және оны іске асыруға арналған Кезектен тыс шешімдер қаралатын және, егер бұл орынды деп саналған болса, қабылданатын Жиналыс туралы әрбір хабарлама тиісті Талаптарға сәйкес жарияланады. Бірінші жиналыс (2021 жылы өтелетін Ноталарға қатысты) 2020 жылғы 12 наурызда таңғы сағат 10:00-де (Лондон уақыты бойынша) басталады, ал 2022 жылы өтелетін Ноталарға қатысты екінші жиналыс 2020 жылғы 12 наурызда таңғы сағат 10:15-те (Лондон уақыты бойынша) басталады. цитата соңы Аталмыш ақпарат: - орыс тілінде – https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_190220_1.pdf - ағылшын тілінде – https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_190220_eng.pdf мекен- жайында жарияланған. [2020-02-19]