"Баспана" Ипотекалық ұйымы" АҚ "Қазақстан тұрақтылық қоры" акционерлік қоғамына бірігу арқылы ерікті түрде қайта құрылғаны туралы хабарлады

14.02.20 10:31
/KASE, 14.02.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Баспана" Ипотекалық ұйымы" АҚ Қазақстан қор биржасына (KASE) "Қазақстан тұрақтылық қоры" АҚ бірігу арқылы ерікті түрде қайта құрғаны туралы хабарлады. 2020 жылдың 11 ақпанындағы хабарламаға сәйкес қоғам несие алушыларға тиісті өткізіп беру актісін қосымшамен бірге хабарлама жіберді, сондай-ақ туындаған сұрақтарға жауап беруге болатын байланыс мәліметтерін ұсынды. Аталмыш ақпарат – http://kase.kz/files/emitters/BASP/basp_liquidation_110220_88.pdf мекен- жайында жарияланған. [2020-02-14]