KZ
5 шілде 2025, 22:32
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
12.02.2020 15:18 #Қаржы құралдары

12 ақпаннан бастап "Қазақстан Даму банкі" АҚ XS2106835262 (BRKZe10) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 12.02.20/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2020 жылдың 28 қаңтарындағы шешімімен "Қазақстан Даму банкі" АҚ (Нұр-Сұлтан) XS2106835262 (62,5 млрд теңге, 12.02.20 – 12.02.25, жартыжылдық купон, жылдық 10,75 %; 30/360) халықаралық облигациялары KASE ресми тізіміне балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді:

Листингілік комиссияның осы шешімі 2020 жылдың 12 ақпанынан бастап өз күшіне енді.

Аталмыш облигациялардың Биржадағы сауда-саттықтарының ашылуы туралы қосымша хабарланады.

Аталмыш облигациялардың төлем агенті Deutsche Bank AG, London Branch, тіркеушісі – Deutsche Bank Luxembourg S.A. болып табылады.

"Қазақстан Даму банкі" АҚ қаржылық кеңесшісі "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады.

Жоғарыда аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жуырдағы уақытта толығырақ мекен-жайында жарияланады.

[2020-02-12]