"Қазақстан даму банкі" АҚ ҚДБ теңгелік еврооблигацияларының үшінші шығарылымын жүзеге асырғаны туралы хабарлайды

07.02.20 10:52
/KASE, 07.02.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізмінде тұрған (KASE) "Қазақстан даму банкі" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2020 жылдың 06 ақпанындағы баспаөз хабарламасын ұсынды: цитата басы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) теңгеге деноминацияланған еврооблигациялардың 62,5 млрд теңге сомасындағы үшінші шығарылымын жүзеге асырды. Бағалы қағаздардың айналым мерзімі 5 жыл, купондық ставкасы - жылдық 10,75%. Бүкіл соманы төлеу АҚШ долларымен жүзеге асырылады. Мәміле бойынша есеп айырысулар 12 ақпанда өткізілетін болады. Банктің теңге еврооблигацияларын шығару Еуропа және Қазақстан инвесторларына ұсынылды. Банк облигацияларын орналастыру географиясы құрлықтық Еуропаның (Италия, Германия, Швейцария, Лихтенштейн, Франция, Дания мен Финляндия) – 32%, Қазақстанның - 29%, Ұлыбританияның - 28% және басқа да елдердің 11% инвесторларымен ұсынылады, олардың қатарында Ресей және Таяу Шығыс елдерінің инвесторлары бар. Абсолюттік цифрмен алғанда, сөз 25 астам инвесторлар туралы болып отыр. Банктің теңге еврооблигацияларын шығару бойынша халықаралық инвесторлар кездесулері 30 қаңтар – 4 ақпан аралығындағы кезеңде Франкфурт, Цюрих, Лондон және Алматы қалаларында болды. Шығарылымның бірлескен букраннерлері ретінде Halyk Finance, J.P. Morgan, Societe Generale және UBS Investment Bank жұмыс істеді. ҚДБ-ның ірі жобаларды кредиттеуге маманданатынын назарға алатын болсақ, Банктің теңге еврооблигацияларын шығару есебінен тартылатын қаржы қаражаты бизнесті кәсіпкерлер үшін қолайлы шарттарда кредиттеуге мүмкіндік береді. Теңге еврооблигацияларын орналастыру ойдағыдай өтті деп ойлаймын, бізге оларды мерзімі бойынша да, сондай-ақ ставкасы бойынша да қолайлы шарттармен орналастырудың сәті түсті. Банктің теңге еврооблигацияларына қызығушылық білдірген 13 елдің инвесторларынан тұратын география Банктің сенімді эмитент екендігін және инвесторлардың Қазақстанның ұлттық валютасына сенетінін білдіреді, - деп атап өтті ҚДБ Басқармасы төрағасының орынбасары Дмитрий Бабичев. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_reliz_060220_1.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2020-02-07]