"Баспана" Ипотекалық ұйымы" АҚ қайта құру туралы ақпаратты ұсынды

06.02.20 16:37
/KASE, 06.02.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Баспана" Ипотекалық ұйымы" АҚ Қазақстан қор биржасына 2020 жылдың 06 ақпанында баспасөз хабарламасын ұсынды: ... "Баспана" Ипотекалық ұйымы" (әрі қарай – Баспана) акционерлік қоғамының құқықтық мирасқоры болып табылатын "Қазақстан тұрақтылық қоры" АҚ (әрі қарай – ҚТҚ), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екі еншілес құрылымын біріктіру қазақстандық борыштық капиталы нарығында Баспана облигацияларын ұстаушылар үшін қауіп төндірмейтіндігін хабарлайды. ҚТҚ әрі қарай нарықтық жағдайда жүзеге асырылатын ипотекалық бағдарламаларды қаржыландыру мақсатында Қазақстан қор биржасында (код KFUS) облигацияларын орналастыруды жүзеге асырады. Облигациялар мәртебесі, орналастыру шарттары өзгеріссіз қалады. Баспана облигацияларын ұстаушылар үшін жағымсыз жағдайлардың болмауын Fitch Ratings 2020 жылдың 3 ақпанындағы хабарламасымен расталған. ... Аталмыш ақпарат http://kase.kz/files/emitters/BASP/basp_reliz_060220_.pdf мекен-жайында жарияланған. [2020-02-06]