KZ
1 шілде 2025, 02:26
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01.01.2020 10:39 #Қаржы құралдары

2020 ЖЫЛДЫҢ 04 АҚПАНЫНАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ, KASE ИНДЕКСІНІҢ МӘНІНЕ ӨКІЛЕТТІ ТІЗІМІНЕ КІРЕТІН, АКЦИЯЛАРДЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІН ӨЗГЕРТТІ

/KASE, 31.01.20/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің 2020 жылдың 04 ақпанындағы шешімімен 2020 жылдың 31 қаңтарынан бастап KASE индексінің өкілетті тізіміне енетін акциялардың жаңа параметрлері – еркін айналыстағы акциялардың үлесі және шектеу коэффициенттері – анықталды.

Төменде берілген кестеде KASE Индексінің мәніне ықпал ететін, акциялардың 04 ақпанынан бастап қолданыста болған және жаңа параметрлері көрсетілген.

-----------------------------------------------------------------------------------------------------
                     2020 жылдың 04 ақпанынан бастап               2020 жылдың 04  ақпанына дейін  
         --------------- ------------- -------------- ------------------ ------------- --------------
Акциялар орналастырылған          free шектеулі коэф-        Орналастыры          free шектеулі коэф-
 коды      акциялар саны float(Fi), %   фициент (Ri) лған акциялар саны float(Fi), %  фициент (Ri))
-------- --------------- ------------- -------------- ------------------ ------------- --------------
CCBN         165 637 911          41,7      1,0000000        165 637 911          41,7      1,0000000
GB_KZMS      480 723 977          61,3      0,0853192        480 723 977          61,3      0,0883976
HSBK      11 754 049 397          35,5      0,1023077     11 754 049 397          35,5      0,1106372
KCEL         200 000 000          25,0      0,4920036        200 000 000          25,0      0,5396948
KEGC         259 998 610          10,0      1,0000000        259 998 610          10,0      1,0000000
KZAP         259 356 608          18,7      0,2387621        259 356 608          18,7      0,2257234
KZTK          10 706 024          23,0      0,9581364         10 706 024          23,0      0,9650749
KZTO         384 628 099          10,0      1,0000000        384 628 099          10,0      1,0000000
-----------------------------------------------------------------------------------------------------
                                                                                                     
КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ

KASE индексі – KASE акция нарығының индексі, ол аталмыш индексті есептеу үшін өкілетті тізімге енгізілген акциялар бағасының өзгеруін, олардың эмитенттерінің капитализациясын және еркін айналыстағы (free float) бұл акциялар санын ескере отырып, көрсетеді. Бір атаулыдағы акцияның KASE индексіне ықпалы 15 %-дан аса алмайды. KASE индексі осы индексті есептеу үшін өкілетті тізімдегі атаулы акцияларымен мәміле жасау шамасына қарай сауда-саттық күні барысында есептеледі. Параметрлері KASE индексін есептеуге қажетті, мәмілелер сауда-саттық күні барысында жасалмаса, мұндай есептесулер мақсатында соңғы нәтижелі сауда-саттық сессиясының нәтижелері қолданылады.

Индексті есептеу әдістемесі "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатында берілген, ол KASE веб-сайтында толығырақ мекен-жай бойынша жарияланған.

Индекс беті толығырақ мекен-жай бойынша жарияланған.

Акция коды: биржада сатылатын, бағалы қағаздар эмитентінің кодын (алғашқы 4 таңбасы, сондай-ақ жай акция коды): акция санатын (егер бесінші таңба "p" болса, онда артықшылықты акция); акция шығарылымының реттік нөмірі (қажет болған жағдайда, алтыншы сандық таңба) көрсетіледі. Эмитенттердің кодтары: CCBN – " ЦентрКредит Банкі" АҚ; GB_KZMS – KAZAKHMYS PLC; HSBK – "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ; KCEL –"Кселл" АҚ; KEGC – "Қазақстан электр желілерін басқару компаниясы" АҚ (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOC" (KEGC); KZAP – "Казатомпром" Ұлттық атом компаниясы" АҚ; KZTK – "Қазақтелеком" АҚ; KZTO – "КазТрансОйл" АҚ.

Орналастырылған акциялар саны – листингілік компания акционерлерінің тізілімі жүйесінің үзінді көшірмесінің мәліметтері немесе компанияның ақпараты негізінде, қайта сатып алынғандарды есептемегенде, листингілік компанияның орналастырылған акциялар саны ретінде, KASE дербес түрде анықтайтын, параметр. Биржа KASE Индексін есептеу кезінде орналастырылған акциялардың биржадағы құжаттармен расталған санының мәнін ескереді.

Free float (Fi), % – мемлекетке, эмитент менеджментіне және, эмитенттің жай акцияларының жалпы санынан бес және одан көп көлеміндегі пайызына иеленген, акционерлерге тиесілі емес, KASE Тәуекел комитетінің шешімімен стратегиялық деп танылмаған (есептік қызмет көрсету қызметін атқаратын институционалды инвесторлар, номиналды иелері және т.б.) акционерлерді қоспағанда, акциялардың саны ретінде KASE анықтайтын параметр.

Шектеу коэффициент (Ri) – әрбір акцияның индекс мәніне ықпалын он бес пайызға дейін шектейтін, параметр.

[2020-01-31]