"Қазақстан даму банкі" АҚ 2019 жылы инфрақұрылым мен өңдеу өнеркәсібіне 481 млрд теңге инвестиция салды

29.01.20 15:49
/KASE, 29.01.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізмінде тұрған (KASE) "Қазақстан даму банкі" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2020 жылдың 21 қаңтарындағы баспаөз хабарламасын ұсынды: цитата басы «Қазақстанның Даму банкі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ- ның еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) кредиттік қоржынын ұлғайтуды жалғастыруда, оның көлемі 2019 жылдың алдын ала қорытындылары бойынша 2018 жылмен салыстырғанда 31,5 млрд теңгеге немесе 1,9 % ұлғайып, 1 728 млрд теңгеге жетті. Бұл ретте «Бәйтерек» холдингі құрылған 2013 жылмен салыстырғанда Даму Банкінің кредиттік қоржынының көлемі 4,6 есе немесе 356% өсті. ҚДБ 2019 жылды оң қаржылық нәтижемен аяқтады – аудиттелмеген деректер бойынша шоғырландырылған таза пайда 7,5 млрд теңгені құрады. Меншікті капиталдың көлемі 424,1 млрд теңгені құрады, өсім 2018 жылмен салыстырғанда 12,8% құрады. Есепті кезең ішінде экономиканы несиелеуге ҚДБ тарапынан 481 млрд теңге (28 млрд теңге сомасындағы банкаралық несиелеуді қоса алғанда) салынған, ал тікелей кредиттеу шеңберінде Банк жалпы сомасы 436,5 млрд теңге болатын 11 инвестициялық жобаны және шикізаттық емес салалар кәсіпорындарының 3 экспорттық операциясын қаржыландыруды мақұлдады. Бұл Қапшағай қаласындағы қуаты 100 МВт СЭС құрылысы, «Сарыарқа» магистралды газ құбырының құрылысы, Шымкент қаласындағы метил-трет- бутил эфирін өндіретін зауыттың құрылысы, Ақтоғай КБК қайта өңдеу қуаттарын кеңейту, ҚР ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кең жолақты қол жетімділікпен қамтамасыз ету, Ақмола облысындағы бройлер өсіретін құс фабрикасының 2 кезеңінің құрылысы сияқты ірі жобалар. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_reliz_290120_1.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2020-01-21]