«ҚазТрансОйл» АҚ 2019 жылдың 12 айындағы өндірістік қызмет қорытындылары туралы хабарлайды

27.01.20 14:12
/KASE, 27.01.20/ – Акциялары "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазТрансОйл" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2020 жылдың 27 қаңтарындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы «ҚазТрансОйл» АҚ магистралды мұнай құбырлары жүйесі бойынша жеке мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау және ауыстырып құюдың жалпы көлемі 2019 жылдың қорытындылары бойынша 44 млн 463 мың тоннаны құрады (2018 жылмен салыстырғанда 846 мың тоннаға аз). «ҚазТрансОйл» АҚ ММҚ жүйесі бойынша жеке мұнай жүк айналымы 37 млрд 657 млн тонна*км құрады (ол 2018 жылғы деңгейден 382 млн тонна*км аз). Шоғырландырылған мұнайдың жүк айналымы 45 млрд 580 млн тонна*км құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 539 млн тонна*км аз. «ҚазТрансОйл» АҚ магистралды мұнай құбырлары жүйесі бойынша Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарына 16 млн 883 мың тонн мұнай жеткізілді (бұл 734 мың тоннаға көп), соның ішінде: АМӨЗ-ге - 5 млн 296 мың тонна (бұл 59 мың тоннаға көп), ПҚОП-қа - 5 млн 391 мың тонна (бұл 633 мың тоннаға көп), ПМХЗ-ге – 5 млн 298 мың тонна (бұл 36 мың тоннаға аз), Битум зауытына – 897 мың тонна (бұл 78 мың тоннаға көп). цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_270120_kz.pdf мекен-жайында толық жарияланған. [2020-01-27]