"Маңғистаумұнайгаз" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

24.01.20, 17:17
/KASE, 24.01.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Маңғистаумұнайгаз" АҚ (Ақтау, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 107 856 540 дана, артықшылықты акциялар саны – 1 089 460 дана; - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға MANGISTAU INVESTMENTS B.V. болып табылады, оның меншігінде 107 861 935 (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 99,00%) соның ішінде компанияның 107 856 540 жай акциясы (компанияның орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 100,00%) және 5 395 артықшылықты акциясы (компанияның орналастырылған артықшылықты акцияларының жалпы санынан 0,50%) бар. [2020-01-24]