Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"КазТрансГаз" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 23.01.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "КазТрансГаз" АҚ ("КазТрансГаз" АҚ , бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 352 547 508 дана;
- компанияның 351 540 791 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ болып табылады.
[2020-01-23]