23 қаңтардан бастап Ferro-Alloy Resources Limited GG00BGDYDZ69 (GG_FERR) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
23.01.20 11:06
/KASE, 23.01.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды:
2020 жылдың 22 қаңтарынан бастап Ferro-Alloy Resources Limited (Гернси)
GG00BGDYDZ69 KASE балама алаңы, "акциялар" секторы, GG_FERR) жай
акциялары KASE ресми тізімінен айналым мерзімі аяқталуына байланысты
шығарылды.
Листингілік комиссяның аталмыш шешімі 2020 жылдың 23 қаңтарынан
бастап күшіне енеді.
KASE 2020 жылдың 15 қаңтарындағы қорытындысы бойынша KASE
компаниядан келесі құжаттарды алғаны анықталды:
- аталмыш облигацияларды 2019 жылдың 27 желтоқсанындағы ерікті
түрде делистингілеу туралы өтініші;
- компанияның 2020 жылдың 09 қаңтарындағы компаниялар туралы (The
Companies Guernsey Law 2008) Гернси заңынан үзінді , оған сәйкес
компанияның бағалы қағаздарының делистингі туралы шешім қабылдау
Директорлар кеңесінің құзіретіне жатады;
- 2019 жылдың 26 қыркүйегіндегі Директорлар кеңесінің аталмыш
ақцияларды ерікті түрде делистингілеу туралы шешімі қабылданған
хаттамасынан үзінді.
Жоғарыда баяндалған негізінде және KASE ішкі құжаты Листингілік
ережелерінің 2.2. тарауының 3 қосымшасының 1 тарауының 1)
тармақшасына сәйкес аталмыш облигациялар делистингілеуге жіберілді.
Аталмыш акциялар 2017 жылдың 26 маусымынан бастап KASE ресми
тізіміне акциялар секторына енгізілген. Олардың сауда-саттықтары 2017
жылдың 26 қыркүйегінен бастап ашылды.
[2020-01-23]