"Проблемалық кредиттер қоры" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
22.01.20 13:53
/KASE, 22.01.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ ("Проблемалық кредиттер
қоры" АҚ, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың
тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді
көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 60 677 925 дана,
артықшылықты акциялар саны – 125 000 дана;
- компанияның 60 539 600 жай акциялары және 62 093 артықшылықты акциялары
орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті" мемлекеттік мекемесі болып
табылады.
[2020-01-22]