Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Фридом Финанс" АҚ 2019 жылдың қазан-желтоқсан айларына "Fixed Income" ИПИҚ KZPF00000082 (ASYL_or) пайларын ұстаушыларына дивиденд төлегені туралы хабарлады
/KASE, , 21.01.20/ – Пайлары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Fixed Income" инвестициялық пайлық интервалдық қорының басқарушы компаниясы болып табылатын, "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) (KZPF00000082 (ASYL_or) 2020 жылдың 20 қаңтарында пайларын ұстаушыларына 2019 жылдың 01 қазанынан 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде дивиденд төлегені туралы хабарлады.
Ұсынылған ақпаратқа сәйкес төленген сома 3 680 460,31 теңге құрады, пайларды ұстаушылар тізілімін тиянақтау күні – 2019 жылдың 31 желтоқсаны.
[2020-01-21]