Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"First Heartland Jýsan Bank" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 21.01.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "First Heartland Jýsan Bank" АҚ (Астана, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 697 500 000 дана, артықшылықты акциялар саны – 2 500 000 дана;
- банктің 132 317 024 жай акциялары және барлық артықшылық акциялары орналастырылған;
- банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "First Heartland Securitiesl" АҚ болып табылады, оның меншігінде 134 432 897 (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан 99,72%) соның ішінде банктің 132 317 024 жай акциясы (банктің орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 100,00%) және 2 115 873 артықшылықты акциясы (банктің орналастырылған артықшылықты акцияларының жалпы санынан 84,63%) бар.
[2020-01-21]