KZ
9 шілде 2025, 20:23
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
20.01.2020 14:29 #Бағалы қағаздар

"Марганец Жайрема" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

/KASE, 20.01.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Марганец Жайрема" АҚ ("Марганец Жайрема" АҚ, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Үзінді көшірмеге сәйкес:

  • компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 500 000 дана;
  • компанияның 12 025 жай акциялары орналастырылған;
  • компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Жайрем кен-байыту комбинаты" АҚ болып табылады.

[2020-01-20]