KZ
9 мамыр 2025, 18:18
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
16.01.2020 11:50 #Корпоративтік уақиғалар

А.М. Молдабекова Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің KASE Директорлар кеңесіндегі өкілі болып анықталды

/KASE, 16.01.19/ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің құрамындағы өз өкілі ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.М. Молдабекованы анықтады.

Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар туралы" заңына сәйкес KASE Директорлар кеңесінің құрамына тұрақты негізде, дауыс беру құқығымекн уәкілетті органның (Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігінің) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бір-бірден өкілдері кіреді.

KASE Директорлар кеңесінің құрамы оның интернет-сайтында жарияланған – толығырақ

[2020-01-16]