"ForteBank" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

14.01.20 11:29
/KASE, 14.01.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ForteBank" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 150 003 000 000 дана; - банктің 92 387 104 089 жай акциялары орналастырылған; - банк өзінің 2 893 522 817 акциялары кері сатып алды; - банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға Б.Ж.Өтемұратов болып табылады, оның меншігінде 80 629 447 285 жай акциясы (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан 90,10% немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 87,27%) бар. [2020-01-14]